Ғали Орманов атындағы орта мектеп

сайтына қош келдініздер!

MENU

Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарихы 1979 жылы Қапал орта мектебіне көрнекті ақын Ғали Ормановтың есімі берілді. Ғали Орманов(1907-1978) кеңестік қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын.Тұңғыш өлендер жинағы 1934 жылы «Шеңбер» деген атпен жарық көрді.Кейін «Алынған қамал» (1935), «Абысын сыры» (1936), «Халық -қаһарманы» (1941), «Емен» (1945), «Сәт сапар» (1957), «Ой қанаты» (1961), «От өзен» (1965), «Жер қызығы» (1972), «Жан қанаты» (1973) тағы басқа кітаптары шықты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.1981 жылы Ғали Орманов атындағы орта мектебі 1176 балаға арналып салынған жаңа оқу ғимаратына көшірілді. Бұрынғы мектеп үйінде 8 жылдық орталау мектеп қалды. Сөйтіп 1981 жылы Қапал ауылында екі мектеп ашылды. Ғали Орманов атындағы орта мектебінің кейінгі тарихы осы 1981 жылдан басталады. Мектептің алғашқы директорлары Саурықбаев Ғазиз Қыдырқожаұлы[1981 жылы маусым-қыркүйек], Кәрім Акбарұлы Рақымжанов [1981 қыркүйектен]еді. 1989-1990 оқу жылы мектеп 11 жылдық орта мектеп мәртебесіне ие болды. Өткен 30 жылдық тарихында мектеп білім берумен тәрбиені қалыптастыруда тамаша жетістіктерге жетті. 1980 жылдардың соңында Ғали Орманов атындағы орта мектебінде Қапал өңірінде алғаш рет компьютерлік кабинет ашылып, сабақ жүргізе бастағаны, мектеп тарихындағы соны өзгерістің бастамасы болды. 1990-1991 оқу жылында деңгейлік оқытудың эксперименттік жұмысы жүргізілді және Эльконун-Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы сынақтан өткізілді. Мектептің өзінің жарғысы қабылданып , шаруашылық, қаржылық істерді дербес жүргізетін құқыққа ие болды. Бұл сынақ-тәжірибенің тиімділігі сол мектептін материалдық базасы нығайды. Оқытудың әдістемелігі жетілдірілді, ғылыми негізі құрылды. Соның арқасында мектептің көптеген оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасайтын мұғалімдердің қатары өсті. Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауларына қатысушылардың саны көбейді. Сол жылдардағы мектептің осы жетістіктері үшін мектеп директоры Ә.Ж. Мәлтекбасов 1992 жылы Ыбырай Алтынсарин медальмен марапатталды. 2001-2002 оқу жылында Қапал орта мектебінің түлегі (1979 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебі) , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүрілді. Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері 2003 жылы қыркүйектен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры Асхат Сейденұлы Досмұхамбетов болды. А.С.Досмухамбетов мектеп басшылығына келген күннен бастап, ең әуелі мектептің материалдық базасын бұрынғыдан да жақсартуға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде аудан әкімшілігінің қолдауымен мектептің шатыры жаңадан жабылып, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде пән кәбинеттерінің орны ерекше. Мектебімізде бүгінгі күннің дидактикалық талабына сай жабдықталған АӘД, биология, математика, тарих-құқық, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш сынып, технология кабинеттері бар. 2007 жылы мектебімізде мультимедиялық кабинеті ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп кітапханасында 20 мың кітап қоры бар. Мектебімізде 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі 25 балаға арналған шағын орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін нәтижелі тәрбие беруде.. Қазір мектеп ұжымында 47 мұғалім сабақ береді. Олардың 40 жоғары білімді, 6 жоғары санатты, 12 бірінші санаттағы мұғалімдер. Мұғалімдеріміздің арасында еңбегімен ел құрметіне бөленген аға ұстаздар Ахунов Рифхат Хабибуллаұлы, Тазабеков Мырзағали Нұрмұхамбетұлы, Керейбаев Кенжехан Рамазанұлы сияқты ұстаздарымыз бар. Мектептің шаруашылығын басқаратын Беглов Біләл де мектеп мақтанышы.